«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБА КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ
2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жоба конкурсының аудандық кезеңіне қатысқан 5-сынып оқушысы Қазанғап Жания Бауыржанқызы қазақ әдебиеті пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынды иеленді. Оқушының жетекшісі — Жахметова Асель Усеновна.Жанияның зерттеу жұмысы әдебиеттану, мәтін талдау және шығармашылық ізденіс бағытында жоғары деңгейде бағаланды. Аудандық кезеңде ол қазақ әдебиетінің өзекті тақырыптарын терең меңгеріп, өзіндік тұжырымдарымен көзге түсті.