«Асханадағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мыңарал орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
" Мыңарал атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2026

«Асханадағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді



 Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының асханада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, тазалық пен тәртіпке баулу мақсатында «Асханадағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар асханада сақталуы тиіс негізгі ережелермен танысып, дұрыс тамақтану мәдениеті туралы мағлұмат алды. Балалар тақырыпқа байланысты суреттер мен слайдтарды тамашалап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар топтық жұмыстарға қатысып, асханадағы тәртіпке қатысты постерлер мен кластерлер құрастырды.

Сабақ барысында оқушылар:
1. асханаға қолды таза жуып кіру;
2. тамақтану кезінде әдеп сақтау;
3. дастархан басында дұрыс отыру;
4. тағамды ысырап етпеу;
5. тазалық пен ұқыптылықты сақтау;
6. асхана қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу сияқты маңызды қағидаларды талқылады.

Топтық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін бекітіп, асханадағы тәртіптің денсаулық пен мәдениеттіліктің негізі екенін түсінді. Пазл құрастыру, ой қозғау, пікір алмасу және шығармашылық жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында оқушылар асханадағы тәртіп ережелерін сақтау әрбір адамның міндеті екенін атап өтіп, күнделікті өмірде осы қағидаларды ұстануға уәде берді.
Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Мектебімізде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив