"Менің Отаным-Қазақстан" » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мыңарал орта мектебі Education Department of Kerbulak district
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
" Мыңарал атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
14
февраль
2020

"Менің Отаным-Қазақстан"

Мыңарал орта мектебінде  9-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына байланысты, «Менің – Отаным Қазақстан!»   атты   мерекелік кеш өткізілді. Оған мектептің АӘД пән мұғалімі  Б.Қ.Малимбеков  атсалысты.
Оқушылар  «Достық», «Бірлік», «Халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтті, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиеленді.  Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының  әнұранын орындаудан басталды. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Ал адам жүрексіз өмір сүре алMayтындай, Отансыз да өмір сүре алMayды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған – туысқанымыз, дос-жарандарымызбен бірге тұратын еліміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан.  Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Республика халқының саны 17 миллиондай. Жергілікті ұлт - қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Биыл Қазақстан Ассамблеясына 25 жыл толды, сондықтанда біздің кешіміздің  тақырыбы « Менің Отаным –Қазақстан» деді жүргізушілер. 9-11 сынып оқушылары кеш барысында патриоттық әндер орындап, би биледі.  Бейнероликтер, видеолар, слайдтар көрсетілді.  Слайд барысында көптеген мағлұматтар берілді. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471 ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері , 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық – құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңе білді. Ұстаздарымыз  оқушыларға бұл ынтымақ үрдісі ғасырдан – ғасырға жалғасуда. Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейтінін, Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылғанын және түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалатынын,  біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналғанын,  Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келетінін жеткізе білді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив