"Менің Отаным-Қазақстан"
Мыңарал орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына байланысты, «Менің – Отаным Қазақстан!» атты мерекелік кеш өткізілді. Оған мектептің АӘД пән мұғалімі Б.Қ.Малимбеков атсалысты. Оқушылар «Достық», «Бірлік», «Халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтті, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиеленді. Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.