«Асханадағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді
Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының асханада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, тазалық пен тәртіпке баулу мақсатында «Асханадағы тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар асханада сақталуы тиіс негізгі ережелермен танысып, дұрыс тамақтану мәдениеті туралы мағлұмат алды. Балалар тақырыпқа байланысты суреттер мен слайдтарды тамашалап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар топтық жұмыстарға қатысып, асханадағы тәртіпке қатысты постерлер мен