Адалдық дегеніміз – ақжарма ниет, ішкі жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы, әрдайым шынайы, тура әрі әділ болу… Бұл «Адалдық сағатында» қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин парасаттылық, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.